Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Күре тамырын кескен»: астаналық әйел пәтерінен өлі күйінде табылды

paryz.kz

«Күре тамырын кескен»: астаналық әйел пәтерінен өлі күйінде табылды

Қызылорда облысының тумасы Асыл Тәпенова Астанаға жұмыс бабымен көшіп келген. Ол елордада жалдамалы пәтерде тұрыпты. Анасының айтуынша, ол қызымен бірнеше күн байланысқа шыға алмай қалған. Содан уайымдап, Астанадағы туыстарына Асылдың жағдайын біліп келуді өтінген. Олар 6 қараша күні әйелдің пәтеріне барған сәтте қансырап жатқан туысының мәйітін көрген. Екі санынан пышақ тыққан. Сосын екі қолының күре тамырын кескен. Тіпті, мойнынан пышақпен орып жіберген. Малша бауыздапты. Кейін пәтердің жылуын қатты қосып кеткен. Ал Асылдың мәйіті пәтерде үш күн жатқан, – дейді марқұмның ағасы Әділхан Маханов. Марқұмның көршілері мәйітті тауып алардан 3 күн бұрын сол пәтерден айғай-шудың шыққанын айтты. Бірақ Асылдың денесіне жасалған сараптамадан кейін оның суицид жасағаны анықталыпты. Бұл сараптамалық шешіммен келіншектің туыстары келіспейді. «Адам өзіне қалай бірнеше рет пышақ сұғады? Өтірік қой. Тергеу әділ жүргізілсін. Асылдың анасы Астананың прокуратурасына арыз жазды. Қылмыскерді тауып берсін. Ол жазасын алуы керек», – дейді марқұмның ағасы. Айта кетейік, 32 жасында қайтыс болған Асыл Тәпенованың артында он жасар қызы қалды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024