Түркияның бірнеше қаласында жер сілкінді

Түркияда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:08-де Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі – Түркияның солтүстік-батысында сол провинцияның Дюздже қаласында, деп жазады ҚазАқпарат. Бұл аймақ Анкарадан батысқа қарай 240 км және Ыстанбұлдан шығысқа қарай 228 км жерде орналасқан. Жер сілкінісі Анкара мен Ыстанбұлда, сондай-ақ елдің бірнеше қаласында қатты сезілді. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) хабарлағандай, 18 афтершок тіркелген, ал жерасты дүмпулері 6,5 км тереңдікте орналасқан. Аймақта тексеріс жүргізіледі. Дюздже қаласының мэрі Фарук Озлуның мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер жоқ. «Жойқын жер сілкінісі болды. Олар бізге қатты сезілді. Көптеген тұрғын көшелерге қашып шыққан. Қазір барлық жерде электр қуаты өшіп қалды. Жер сілкінісінің басқа да салдарлары анықталуда», - деп қосты Ф.Озлу. Алайда Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 22 адам зардап шеккен. Биіктен секіріп кеткен бір науқастың жағдайы ауыр. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
10 желтоқсан 2023
10 желтоқсан 2023
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар