Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жетісу облысында қоқыстан 5 жасар қыздың басы мен денесі табылды

paryz.kz

Жетісу облысында қоқыстан 5 жасар қыздың басы мен денесі табылды

Бес жастағы Аружанды «өлтірді» деген күдікпен оның 20 жастағы анасы Ақниет пен туған нағашы ағасы Ақтілек ұсталған. Екеуіне «адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Сот-медициналық сараптамада баланың қылқындырған соң өлгені көрсетілген. Бірақ анасы мұны мойындамады. Айтуынша, Аружанды өзінің нағашы ағасынан босанғандықтан, бала аурушаң болған. Әрі сол сырқатынан көз жұмған. «Нағашы ағам зорлаған, одан кейін сал бала туды, 14 жасымда босандым. Бастапқыда баланың шетінегенін, барлығын айтқанбыз. Бірақ екінші жауап бізден адвокатсыз ұрып-соғып алынған. Солай айттық, қысыммен «иә, баланы өлтірдік» дедік», – деді анасы Ақниет. Ақтілектің айтуынша, «қорыққандықтан» баланы арулап жер қойнына тапсырмай, мәйітін қоқысқа лақтырған. Істі болған анасы мен ағасы баланың өлімі жайлы не полицияға, не баланың мүгедектігіне зейнетақы төлеп отырған мекемеге де хабарламаған. Ал марқұм Аружан 3 жасына дейін бөбектер үйінде, кейін анасының туысы болып келетін Бақытгүл Өскенбаеваның қолында болыпты. Оның айтуынша, Аружан ауырмаған, бұл жағдай баланы анасы алып кеткен соң болған. «1 жастан 3 жасқа дейін бөбектердің, мүгедектерге арналған үйде тәрбиеленді. Содан кейін төрт жасынан бастап 9 ай мен қарадым. Сол күні келінім мен ұлым келіп алып кетті. Сол күні кешке жақын Талдықорғаннан бауырын шақырып, апарып өлтіріп тастаған», – деп мәлімдеді Сарқан ауданының тұрғыны Бақытгүл Өскенбаева. Жантүршігерлік қылмыс осыдан бес ай бұрын Сарқанда болған. Бес жасар қыз баланың денесі бір бөлек, басы бір бөлек күйінде қаладағы қоқыстан табылды. Сараптама нәтижесінде мәйіттің қоқыста үш ай жатқаны анықталды. Ал осы қылмысқа қатысты сотталып жатқан анасы қазір үшінші баласына аяғы ауыр. Егер сотталушылардың кінәсі дәлелденсе, 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024