Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды

inform.kz

Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды

Тұрғындардың айтуынша, қазір үйлердегі ауа температурасы +10 градустан аспайды, ал далада ауа температурасы -35 градус боп тұр.«Сағат 01:30-да желілік суды көп тұтынуға байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары тоқтап қалды. Қазіргі уақытта №8 және №14 қазандық қондырғылары іске қосылуда. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Жақын арада параметрлер қалпына келтіріледі», - деп хабарлады ЖЭО-дан.Жылу орталығы тұрғындардан құбырлар әлі суымаған, үй жалпы жылу жүйесінен ажыратылмаған болса, жағдайды ушықтырмауды және суды ағызып жібермей тұра тұруды сұрайды. Жылу берушілер қазандықтар іске қосылған соң тұрғындарға құбырларды жылытып, бұзылған жерлерді жөндеуге көмектесуге уәде берді. Фото: instagram.com/ete_ekb
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024