Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтау тұрғынынан 41 келі марихуана мен 3,2 млн теңге тәркіленді

kaz.caravan.kz

Ақтау тұрғынынан 41 келі марихуана мен 3,2 млн теңге тәркіленді

Маңғыстау облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 41 келі марихуана мен 3,2 миллион теңге тәркіледі, деп хабарлайды Inaktau.kz . "Тұрғынды тексеру кезінде марихуана салынған 12 полиэтилен пакеті тәркіленді. Ал тұрғылықты жерін тінту кезінде дәл осындай есірткі заты бар тағы 11 ірі полиэтилен пакеті табылды. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 41 келі. Сонымен қатар, күдіктіден 3 миллион 295 мың теңге көлеміндегі ақша тәркіленді", - деді облыстың полиция департаменті. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптама жүргізіледі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024