Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Танымал блогер жұмбақ жағдайда көз жұмды

kaz.caravan.kz

Танымал блогер жұмбақ жағдайда көз жұмды

Мұрат Бірмағамбетов әлеуметтік желі қолданушыларына Марс Откатович және Мура Мариарчи лақап атымен танымал. Айта кетейік, 19 қарашада жоғалған ақтөбелік Мұрат Бірмағамбетовті бүкіл жергілікті жұрт қаладан шарқ ұрып іздеген еді. Блогер үйінен шыққаннан кейін қайта оралмаған. Ал 27 қараша күні марқұмның денесі табылғаны жайлы жантүршігерлік хабар тараған. Оның өлімінің себебі туралы әзірге ешқандай ақпарат айтылмады. Естеріңізге сала кетсек, Мұрат Бірмағамбетов көзі тірісінде нағыз әмбебап азамат және өз елінің патриоты екенін көрсетті. Ол — блогер, вайнер, волонтер әрі Ақтөбе құрамасы КВН командасының бұрынғы капитаны болған. Сондай-ақ Мұрат қайырымдылық іс-шаралардың басы-қасында жүрген жігіт. Ол ақтөбелік қыз-жігіттермен бірге "100 дос" атты жобаны құрып, мұқтаж жандарға жәрдемдескен еді. Марқұмның артында жұбайы және қос қызы қалды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024