Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанадағы митингіден соң кәсіпкер Әбиев 15 күнге қамалды

azattyq.org

Астанадағы митингіден соң кәсіпкер Әбиев 15 күнге қамалды

Астана қаласының ауданаралық әкімшілік соты кәсіпкер Марат Әбиевті 15 күнге қамады. Жексенбіде, президент инауграциясы күні Әбиевтің жақтастары Астанада наразылыққа шыққан еді.Соттың хабарлауынша, полиция Әбиевке Әкімшілік кодекстің "бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды" және "полиция талабына бағынбады" деген баптары бойынша хаттама толтырған.Іс құжаттарында Әбиев 26 қарашада Қорғалжын шоссесі ауданындағы "Думан" ойын-сауық кешенінің жанында "әкімдіктің рұқсатынсыз митинг ұйымдастырғаны", "полицияға бағынбағаны" жазылған.Астана қаласы соты Әбиевтің "ауыл шаруашылығын дамыту жобасын жүзеге асыру үшін билік назарын аудармаққа митингіге шыққаны", "заңға қайшы ештеңе жасамағаны" жайлы сөзін жариялады. Кәсіпкер өзіне тағылған айыпты мойындамаған.Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.26 қараша кешкісін Астанада ондаған адам ұсталған, сол күні қалада интернет те өшкен. Сайттар "Болашақтың архитекторлары" жобасын құрған бизнесмен Марат Әбиевтің жақтастары ұсталғанын жазған.Tengrinews.kz сайтында 2020 жылы жарияланған жарнамалық мақалада Әбиев өзін ауыл шаруашылық саласын дамытуды көздейтін "TDFA қорын құрушы" деп атаған. Әбиев TDFA "бізді әлемдік масштабтағы аштық қаупінен құтқарады" деп мәлімдеген.Биыл мамыр айында жергілікті басылымдар Әбиевтің жан-жақтан жиналған жақтастары Астанаға "концертке келе жатқанда" полиция қалаға кіргізбей қойғанын жазған. Астана әкімдігі "Әбиевке концерт ұйымдастыруға рұқсат берілмесе де, ол адамдарды алдап қалаға шақырып жатқанын" айтқан. Интернетте жаппай тәртіпсіздіктің алдын алынғаны да жазылды. Ал Әбиев Ulysmedia.kz сайтына "заңға қайшы іс жасау ойында болмағанын", "саясатпен айналысу ойында жоғын" жеткізген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024