Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында үй өртеніп, әжесі мен кішкентай немерелері қаза тапты

paryz.kz

Алматы облысында үй өртеніп, әжесі мен кішкентай немерелері қаза тапты

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін түнде, сағат он екілер шамасында болған. Шақырту орнына жеткеннен кейін 90 шаршы метр алаңдағы жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Бұл үйде 2021 жылдан бері 8 адам (отбасы) тұрған. Өрт сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің (әже), 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың (немерелер) денелері табылды - делінген ведомствоның хабарламасында. Отбасының қалған мүшелері ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, сағат 1:30-да оқиға орнынан Есік қаласының ауруханасына балалардың 1999 жылғы анасы, 1991 жылғы әкесі, 1958 жылғы атасы, 2022 жылы туған сәби және 2002 мен 2004 жылғы көршілері жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша бұл алты адамның барлығы иіс тиіп уланған - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі. Қызыл жалын сағат 1:03-те оқшауланып, сағат 01:15-те толықтай сөндірілген. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат жария етілмейді. Өрт сөндіруге ТЖД 7 қызметкері мен 2 техникасы, ПД 3 қызметкері және 1 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024