Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шаңғышылар қар көшкінінің жүруіне себепкер болған

almaty-akshamy.kz

Шаңғышылар қар көшкінінің жүруіне себепкер болған

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «23 қаңтарда "Қазселденқорғау" мамандары Кіші Алматы өзені алабын зерттеу барысында №21 «Сарқырамада» шаңғышылардың сырғанағанын анықтады. Олар қар көшкінін тудырған. Жалпы массасы 500 текше метр қар тау беткейінде тоқтаған. Қаза болғандар, зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан. Осыған байланысты «Қазселденқорғау» мен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары шаңғы және сноубордпен сырғанауды ұнататындарға шаңғы курорттары мен базалардағы арнайы бөлінген жерлерде сырғанауға кеңес берді. Жыл басынан бері таулардың жабық учаскелерінде және адам өтпейтін жерлерде 25 мәрте өздігінен қар көшкіні болды. Оның жалпы көлемі 35 мың текше метр. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024