Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бас прокуратура қырғыз азаматтарын азаптағандар "анықталмады" дейді. Адвокаттар тергеу жалғасып жатқанын айтты

azattyq.org

Бас прокуратура қырғыз азаматтарын азаптағандар анықталмады дейді. Адвокаттар тергеу жалғасып жатқанын айтты

Қаңтар кезінде қырғыз азаматтарын азаптағандар анықталмады. Қазақстан Бас прокуратурасы "Тіл кеспек" Телеграм-арнасына жіберген ресми жауабында осылай деп жазған."Жүргізілген тергеумен Рузухунов пен Сыдықовқа қатысты азаптау іс-әрекеттерін қолданған тұлғалар анықталмады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі күдікті тұлғалардың анықталмауына байланысты үзілді" деп жазылған Бас прокуратураның ресми жауабында.Бас прокуратура хабарламасында істің тоқтатылғанын-тоқтатылмағанын нақты айтпаған. Қазақстандық адвокаттардың түсіндіруінше, "іс үзілді" деген тіркес "уақытша тоқтатылды" дегенді білдіреді. Ондай істер жалғасуы да мүмкін.Ал Викрам Рузахуновтың адвокаттары азаптау ісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын хабарлады."Қазақстандағы адвокаттар Алматы облысы арнайы прокуратурасының тергеушілеріне хабарласып көрді. Олар істің тоқтатылмағанын айтты. Жуырда Викрам тергеуге қатысу үшін Алматыға баруға тиіс" деді Викрам Рузахуновтың адвокаты Бақытбек Автандил Азаттықтың Қырғыз қызметіне.Қаңтар кезінде аяусыз азапталған екінші қырғыз азаматы Шолпанбек Сыдықов Азаттыққа Қазақстандағы адвокаттарына хабарласып көретінін, әзірге тергеу барысынан хабары жоғын айтты.Былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде қырғыз азаматтары Викрам Рузахунов пен Шолпанбек Сыдықов аяусыз азапталған. Рузахунов Қырғызстан билігі мен қоғамының араласуымен босатылып, екі күннен соң Бішкекке жеткізілген. Кейін ол жақта оған ауруханада операция жасалды. Викрам Рузахунов Қазақстанның күштік құрылымдарының өзін азаптағанын мәлімдеді. Музыканттың қабырғалары сынып, миы шайқалған.Қазақстанда "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Былтыр мамырда Рузахуновтың Алматыға барып, тергеу амалдарына қатыспағаны үшін істің уақытша тоқтатылғаны хабарланды. Қыркүйек айында тергеу амалдары басталған. Музыкант өзін ұрып-соққан оннан астам полицейді таныған.Рузахуновтың соққыға жығылуына байланысты Қырғызстан милициясы да қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған. Нәтижесінде музыканттың денсаулығына ауыр зақым келгені анықталды.Азаптау нәтижесінде Шолпанбектің де миы шайқалып, алты қабырғасы сынған, екі тобығы шыққан. Оның азапталуына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Бұған дейін Қырғызстандағы құқық қорғаушылар Сыдықовтың сұмдық азаптауды бастан кешіргенін, оның содан қатты есеңгіреп қалғанын хабарлаған. 24 қаңтарда Сыдықовтың азапталуына қатысты да істің тоқтатылғаны хабарланды. Әзірге Сыдықовтың адвокаттары мәлімдеме жасамады.Видео: Алматыда "азапталған" қырғыз азаматының көргені (26 қаңтар 2022 жыл).
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024