Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаңадан сайланған сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды

azattyq.org

Жаңадан сайланған сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды

Сенатқа жаңадан сайланған депутат Гүлмира Кәрімова 27 қаңтарға қараған түні қайтыс болды. Бұл жөнінде сенаттың баспасөз қызметі хабарлады."Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылып отыр. ҚР парламенті сенатының депутаттары мен аппараты Гүлмира Райынбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады" деп жазылған хабарламада.Гүлмира Кәрімова 14 қаңтар күнгі сенат сайлауынан кейін парламенттің жоғарғы палатасына Солтүстік Қазақстан облысынан депутат ретінде сайланған. Бұған дейін ол ағарту министрлігіне қарасты мектепке дейінгі және орта білім комитетіне жетекшілік еткен.Кейінгі мәлімдемелерінің бірінде ол Қазақстанда биыл соңғы қоңырау 1 маусымда соғылатынын мәлімдеген. Былтыр тамызда ағарту министрлігі Қазақстандағы оқу жылын екі аптаға ұзартуды бекіткен. Комитет жетекшісінің айтуынша, осылайша 31 мамыр – оқу жылының соңғы күні. Ол күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс сағаттар өтеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024