Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иерусалимдегі синагога маңында теракт жасалып, 7 адам қаза тапты

ktk.kz

Иерусалимдегі синагога маңында теракт жасалып, 7 адам қаза тапты

Аталған мәліметтерді Израиль полициясының баспасөз қызметі жариялады. «Иерусалимдегі террористік акт: бүгін кешкісін жергілікті уақыт бойынша сағат 20-30-дар шамасында террорист Иерусалимде Неве-Яаков бульварындағы синагогаға келіп, жақын арадағы адамдарға оқ жаудырған. Полиция бірден оқиға орнына жетіп, террористің орналасқан жерін анықтап, оған қарай оқ атты. Террорист қолға түсті»,-делінген полицияның Twitter парақшасындағы хабарламада. «Еш кінәсі жоқ 7 адам мерт болды, көптеген адам жарақат алды»,-делінген хабарламада. Осыған дейін The Jerusalem Post пен израильдің өзге де басылымдары 8 адамның қаза тапқаны туралы хабарлады. Полиция болған оқиғаны теракт деп бағалады. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024