Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыздан өрт шықты

kznews.kz

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыздан өрт шықты

3 ақпанда «Петропавл-Алматы» бағытында келе жатқан пойыздан өрт шықты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 3 ақпанда сағат 21.57-де Қарағанды облысының Аршалы — Анар учаскесінде құрамның соңында орналасқан техникалық вагондағы өрттің салдарынан №105/106 «Петропавл — Алматы» пойызының қозғалысы тоқтатылған. Пойызда 235 жолаушы болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілді. Жолаушыларды ауыстыру және Алматы станциясына дейін жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарттық вагоннан тұратын бір реттік пойыз жөнелтілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы құрылған комиссиясы болған оқиғаның себептерін тексеруге кірісті. Стандартты вагондардан жасақталған пойызда сапарлаған жолаушыларға жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024