Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейге 160 тонна пияз экспорттамақ болғандар ұсталды

inform.kz

Ресейге 160 тонна пияз экспорттамақ болғандар ұсталды

«Пиязды әкетуге салынған тыйымға қарамастан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Ресей Федерациясына экспорттау әрекеттерін жалғастыруда. Мәселен, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінен жалпы салмағы 160 тонна пиязды әкету бойынша 8 әрекеттің жолын кесті. Қолда бар жедел ақпаратқа сәйкес, пиязды өзге тауар ретінде көрсете отырып, елден әкету әрекеттері дайындалуда. Осыған байланысты тыйым салынған тауарларды бақылау күшейтілген режимге ауыстырылды», - деп мәлімдеді жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен. Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан үш айға пияз экспорттауға шектеу қойылған болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024