Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада мектеп директоры пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

ktk.kz

Елордада мектеп директоры пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді. «26 ақпанда жедел жәрдем бригадасы пациентті №2 қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізді. Жағдайының ауырлығын ескере отырып, пациент шұғыл түрде емдеу үшін кеуде хирургиясы бөліміне жатқызылды. Сол күні оған операция жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, операциядан кейінгі кезеңге сәйкес келеді», - делінген ресми хабарламада. Басқарманың ақпаратынша, науқас диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр. Сондай-ақ, қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл науқастың мектеп директоры екенін растап отыр. Бұған дейін Астанада пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті табылып, пышақталған әйелдің ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлаған едік. «Астана қаласы Полиция департаментінің «102» арнасына 26 ақпан күні пәтерден ер адамның мәйіті табылғаны және пышақ жарақатын алған әйелдің ауруханаға жеткізілгені туралы хабар келіп түсті», - деген ақпарат алдық Полиция департаментінен. Департамет ақпаратына сәйкес, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, қажетті сараптамалар тағайындалды. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024