Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Германияда атыс болып, кемінде 6 адам қаза тапты

ktk.kz

Германияда атыс болып, кемінде 6 адам қаза тапты

Полицияның хабарлауынша, Альстердорф ауданында кең ауқымды операция жүрді. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жетті. Кейбір мәліметтер бойынша, атыс Иегова Куәгерлері орталығында болған. Гамбург полициясы өзінің twitter-дегі парақшасында қылмыстың жасалуына не себеп болғаны белгісіз екені айтылған. Осыған байланысты полиция өкілдері болған оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауға шақырды. Сондай-ақ полиция шабуылға күдіктінің өлі күйінде табылғанын хабарлады. Жергілікті уақыт бойынша, түнгі сағат 21:00-лер кезінде NINAwarn федералдық қосымшасы арқылы жергілікті тұрғындарға ескерту жасалған. Онда бір немесе бірнеше адамның шіркеуде адамдарға оқ атқаны айтылған. Тұрғындарға үйден шықпау туралы кеңес берілді. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024