Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейде соғыстан оралған екі адам көшеде автоматпен оқ атып, жұртты қорқытқан

azattyq.org

Ресейде соғыстан оралған екі адам көшеде автоматпен оқ атып, жұртты қорқытқан

Ресейдің Приморье өлкесіндегі Дальнегорск қаласында соғыстан оралған екі адам көшеде автоматпен оқ атқан. Куәгерлер түсірген видео RusNews телеграм-арнасында жарияланды.Ақпаратқа қарағанда, жуырда Украинадағы соғыстан оралған әскери қызметкерлер халықты "әншейін қорқытқысы келген". Оқ атқан кезде олар мас болған.Оқиға орнына келген полиция екеуін ұстаған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Оқ аспанға атылған.Кейінгі кезде мобилизацияға алынғандардың (Ресей аймағындағы әскери бөлімдерде жүргендер мен соғыстан оралғандар) "заңға қайшы әрекеттері" туралы ақпарат жиіледі. Осы апта басында Мәскеу облысының Домодедово қаласында полиция "граната жарамын" деп мас күйінде қоқан-лоқы көрсеткен адамды ұстаған. Ол бұған дейін мобилизациядан қашып кеткен.Оның алдында Воронеждегі дәмханалардың бірінде екі әскери қызметкер мас күйінде ондаған адам демалып отырған "дәмхананы жарамыз" деп сес көрсеткен. Мәскеу түбіндегі Подольск елді мекенінде де мобилизациядан автоматпен қашып кеткен сегіз адам ұсталған.Ресей ІІМ мәліметінше, былтыр қару-жарақ пен оқ-дәрі ұстауға қатысы бар қылмыстар саны 30 пайыз артқан. Мұндай қылмыс Украинамен шектесетін Белгород, Курск облыстарында көп тіркелген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024