Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқушы қыздың улануына байланысты 100 адам тұтқындалды

ktk.kz

Оқушы қыздың улануына байланысты 100 адам тұтқындалды

Соңғы айда жүзден астам оқушы қыз белгісіз заттан уланып ауруханаға түскен. Олардың көбі жүрек айнып, жүрек соғысы жиілеп кеткенін айтып шағымданған. Кейбірі басы шағып ауырғанын айтқан. Иранның ресми тұлғаларының айтуынша, әлсіз умен оқушы қыздарды улау қастандығы жаслағанға ұқсайды. Себебі, тәртіп сақшылары күдік тудыратын заттарды тауып алған. «Тергеу жұмыстары кезінде біз күдік тудыратын заттарды тауып алдық. Оларды зерттеп жатырмыз. Жақын арада зерттеу нәтижесі жарияланатын болады», деп хабарлады министр Абдолреза Рахмани Фазли. Барлау министрлігі өткен сәрсенбіде елдегі кейбір мектептерде оқушы қыздарды улау қастандығы жасалғаны жайлы баяндама жариялаған еді. Алғашқы дерек Кум қаласында тіркелген сәттен бастап қауіпсіздік қызметкерлері тиісті тергеуді бастап кеткен. Қазіргі сәтте 100 адам күдікті ретінде ұсталған. Олардың мақсаты елде үрей туғызып, Иранға қатысты скептицизм қалыптастыру болған. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024