Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейге әскери шлемдерді заңсыз әкетпек болған күдікті ұсталды

inform.kz

Ресейге әскери шлемдерді заңсыз әкетпек болған күдікті ұсталды

«Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҰҚК Шекара қызметінің бірлескен әрекетімен «Газель» маркалы көліктің жүк бөлігінен әскери шлемдер мен тактикалық рюкзактар табылды. Тасымалдау мұқаба тауарларын қолдана отырып жүзеге асырылған. Тауарларға ілеспе құжаттамада тауарлар туралы мәліметтер жоқ. Жүгі бар көлік өткізу пунктінің аумағында болады. Тауарлардың шығу тегін және әкетуге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылданады», - деп мәлім етті құзырлы органның баспасөз қызметінен. Департамент дерегінше, мән-жайлар анықталған соң, бұл әрекетке қатысы бар адамдар жауапқа тартылып, жүк мемлекет пайдасына тәркіленеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024