Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам мерт болды

ktk.kz

Пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам мерт болды

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, оқиға Тамилнад өлкесіне қарасты Канчипурам аймағының Курувималаи ауданында орын алған. Фабрикада фейерверк дайындау үшін қолданылатын шикізат кенеттен тұтанып, жарылыс болған. «Бүгін Курувималаи ауданындағы пиротехника фабрикасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан сол жерде 5 адам көз жұмды. Тағы үш адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды», - деді Канчипурам аймағы басшысының өкілі. Шенеуніктердің атап өтінше, зардап шеккен 13 адам Канчипурамдағы мемлекеттік ауруханаға жатқызылған. Тағы үш адам Ченнаи ауруханасына жеткізілген. Полиция қызметкерлерінің дерегінше, фабриканың қираған ғимаратында құтқару операциясы жүргізілуде. Жарылыс болғанда кезде кәсіпорында 25-тен астам адам жұмыс істеп жатқан. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024