Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда терроризм туралы жалған хабар таратындар көбейген

baq.kz

 Қазақстанда терроризм туралы жалған хабар таратындар көбейген

Іс-шараға Терроризмге қарсы орталық құрамына кіретін мемлекеттік огандардың, Бас прокуратура басшылары қатысты. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, Қазақстанда кейінгі кезде "жалған терроризм" көріністері жиі бола бастады, оның саны 2020 жылмен салыстырғанда үш есе өскен. Әсіресе, аноним хабарламалар Интернет желісі арқылы жүзеге асырылатындығына ерекше назар аударылды. Осыған ұқсас фактілерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында, ҚР Президенті әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ведомствоаралық Іс-шаралар жоспары әзірленді және отырыста бекітілді. Орта мерзімді жоспарларға Халықаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту, материалды-техникалық нығайту мен кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша шаралар жүйесінің кешенін іске асыру көзделген, – деді ҰҚК баспасөз қызметі Отырыста қосымша терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу мақсатында арнаулы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Жедел іс-шараларды өткізуге жұмылдырылған басшылар мен лауазымды тұлғалардың біліктерін үнемі көтеру, террористік қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жүргізу бойынша ақпаратпен және тәжірибемен алмасу механизмдерін жетілдіру қажет екеніне тоқталды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 маусым 2024