Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейдің қару-жарақ зауыты орналасқан Тула облысында дрон жарылған

azattyq.org

Ресейдің қару-жарақ зауыты орналасқан Тула облысында дрон жарылған

Ресейдің орталық өңіріндегі Тула облысының Киреевск қаласында 26 наурызда күндіз дрон жарылған. Оның жарылғыш заттары болған деген болжам бар. Үш адам жараланған. Дронды кім қандай мақсатта ұшырғаны белгісіз.Baza басылымының мәліметіне қарағанда, жарылыс болған жердегі шұңқырдың диаметрі 15 метрге, тереңдігі 8 метрге жеткен.Тула облысы губернаторының әкімшілігі үш тұрғын үй зақымданғанын хабарлады.Shot басылымының хабарлауынша, Киреевскіде ТУ-141 "Стриж" дроны жарылған болуы мүмкін. Бұл – советтік өндірістен қалған реактив қозғалтқышы бар барлау аппараты. Оны Украина әскері қайта жарақтап қолданады. Алайда Киев бұл жөнінде түсініктеме берген жоқ. Киреевск Украина шекарасынан шамамен 400 шақырым жерде.Киреевск қаласы әскери зауыттар орналасқан Новомосковск қаласынан 25 шақырым жерде тұр. Киреевскіден 10 шақырымдағы Тула қаласында да қару-жарақ зауыты бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024