Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда "әуежайды басып алу" ісі бойынша сот отырысы басталды

azattyq.org

Алматыда әуежайды басып алу ісі бойынша сот отырысы басталды

30 наурызда Алматыда "әуежайды басып алу" ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Адвокаттар мен айыпталушылар іс қазақша жүруін талап етті. Істе бес айыпталушы бар: белсенділер Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов және Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменов деген азаматтар.Тергеудің болжамынша, Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайда "жаппай тәртіпсіздік" ұйымдастырған. Нұрпейісов пен Дәлібаев, Шилібаев пен Кәрменов "ғимараттарға шабуыл жасап", "көліктерді тартып алып, бөтеннің мүлкін жымқырған".Әйгерім Тілеужан үйқамақта, одан өзге төрт айыпталушы былтыр көктемнен бері қамауда отыр.Алғашқы процесте айыпталушылардың бәрінің адвокаттары қамаудағыларды үйқамаққа ауыстыруды, ал үйқамақтағы Әйгерім Тілеужанды үйқамақтан ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы бұл өтінішті қанағаттандыруға қарсы болды. Судья Маратбек Кәкімжанов кеңесу бөлмесінде шешім қабылдайтынын айтты.Бұдан бөлек, адвокаттар істі қазақ тілінде жүргізуді сұрады.– Процеске қатысушылардың барлығы – қазақ: айыпталушылар да, судья да, прокурорлар да. Жәбірленушілердің арасында "Қазаэронавигацияның" өкілі ғана – өзге ұлт өкілі. Меніңше, ол компаниядан қазақ тілін білетін өкіл табуға болар я болмаса аудармашының көмегіне жүгіне алады. Бастысы – айыпталушылар қазақ тілінде сөйлейді, сот олардың қорғануына, ойын дұрыс жеткізуге деген құқығына басымдық бергені жөн деп білемін, – деді адвокат Шынқуат Байжанов.Адвокаттың бұл өтінішін өзге қорғаушылар да қолдады. Дегенмен прокурорлар "процесте аудармашы бар, орысша түсінбегендерге сол кісі аударып береді" деп, өтінішті орындамауды сұрады.Ал судья мұны да кеңесу бөлмесінде шешу керегін айтып, сағат 15.00-ге дейін үзіліс жариялады.Ашық процеске келген айыпталушылардың жақындары мен жақтастары "Қазақша! Қазақша!", "Бостандық!" деп ұрандатты.Сыртта сотқа келген қолдаушылар айыпталушыларды үйқамаққа босатуды, істі алқабилер қарауымен өткізуді және процесті қазақ тілінде өткізуді талап еткен хат жазып, оған 80 адам қол қойды, ізінше хатты сот кеңсесіне өткізді.38 жастағы журналист, аудармашы Әйгерім Тілеужан бұған дейін белсенділігімен де танылған. Ол билікті сынаған наразылықтарға қатысқан. Мектепте тарих пәнінің мұғалімі болған Қалас Нұрпейісов 44 жаста. 2019 жылы митингіге шығып, көп алдында сөз сөйлегені үшін жұмысынан қуылған. Қалған үш адам бұрын-соңды белсенділігімен көзге түспеген.Істе Алматы халықаралық әуежайы, "Қазаэронавигация" мен Qazaq Air, Air Astana, Fly Arystan және Scat әуекомпаниялары жәбірленуші деп танылған. Оларға 6,1 миллиард теңге, ал кәсіпкерлерге 414,1 миллион теңге шығын келген деп айтылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024