Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлібек Қалбайдың қазасы: Күдікке ілінген жауынгер тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

azattyq.org

Әлібек Қалбайдың қазасы: Күдікке ілінген жауынгер тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы гарнизонының әскери соты әскери міндетін өтеуге барып, қаза болған Әлібек Қалбай ісі бойынша үкім шығарды. Ол 2022 жылғы сәуірде Жамбыл облысындағы әскери бөлімге келгеннен кейін төрт күннен соң өлген.Бұл іс бойынша сотқа тартылған жалғыз әскери қызметкер Айболат Аманжолов тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны әскери қызмет жарғысы ережелерін бұзып, адамды өлімге жеткізгені үшін кінәлі деп есептеді. Прокурор Айболат Аманжоловты 10 жылға соттауды сұраған.Әлібек Қалбай 2022 жылы сәуірде Маңғыстау облысынан әскери қызметке алынған. 18 сәуірде Отардағы 30212 әскери бөліміне түскен. Арада төрт күннен соң түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Таңертең сапқа тұрғызғанда есінен танып, госпитальге жеткізілген, бірақ дәрігерлер құтқара алмаған.Туыстары Әлібектің денесінде ұрып-соққаннан қалған із болғанын, қабырғасы сынғанын айтады.Тергеу нұсқасына қарағанда, Әлібек Қалбайды өзара жанжал кезінде қызметтестері ұрып-соққан. Тергеуде Аманжолов жанжалдан бір күн бұрын Әлібектің кеудесі мен ішіне бірнеше рет жұдырық сілтеген деген мәлімет бар.Айболат Аманжолов өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Адвокаттары тергеу кезінде жеткілікті дәлел болған жоқ деп есептейді.Әлібектің туыстары да бір-ақ әскери қызметкер сотқа тартылғанына келіспейтінін мәлімдеген. Олар оқиғаға әскери бөлімнің сержанттары мен офицерлерінің де қатысы бар, олар да жауапқа тартылуға тиіс деген болатын.Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.Сот қаулысында Айболат Аманжоловтың жәбірленуші тарапқа моральдық зардап келтіргені үшін 6 миллион теңге төлеуге міндеттелгені көрсетілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024