Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Көлікпен сүйреді»: Шымкентте жас келіншек күйеуінен азап көргенін айтты (ВИДЕО)

paryz.kz

«Көлікпен сүйреді»: Шымкентте жас келіншек күйеуінен азап көргенін айтты (ВИДЕО)

«Бөлмемде жабылғыш бар еді. Соған келіп «неге бұл жатыр?» деп арқамнан, қолымнан ұрды. Одан кейін сыртқа алып шықты. Сөйтіп сырттан «құмалақ жинайсың» деді маған. Қарсы болғанымда тағы ұрып-соқты. Амалсыз көндім, одан кейін осыны жегіземін деді. Кейін машинасына қарай сүйреп алып кетті. Арқанмен қол-аяғымды байламақшы болды. Сөйтіп бір кезде машинадан түсуімді бұйырды. Көліктің тұтқасын ұстап тұрғанмын, кенеттен көлігін бірден басып айдады. Мен де сүйретіліп кеттім артынан. Қолымды жібергенім сол тасқа аунадым. Ішпен құладым, қол-аяғымның бәрі жара-жара болды»,-дейді сол күнді қорқынышпен еске алған келіншек.

Жүкті әйелдің анасы қызының күйеуінен таяқ жеп жүргенінен мүлдем хабарсыз болған. Себебі тұрмыстағы қыздың хал-жағдайын білу олар үшін мұң болғанын айтады. Сөзінше, күйеу баласы қызын тіпті төркінімен де байланыстырмай қойған. Анасы бұл жағдай туралы қызы кезекті рет соққыға жығылып, көшеде қалғаннан кейін бір-ақ білген көрінеді.

«Осы уақытқа дейін ұрып-соғып келгенін мүлдем білмедім. Қызымның таяқ жеп жүргенін кеше үйге келгенде бір-ақ білдім. Бәрін сол кезде айтты маған. Тіпті сенесіз бе, ұрып-соғып ішіндегі баласын тастап қойғанынан хабарым жоқ болды. Менің қызым қалай таяқ жеді, қалай жылады, күйеу бала да тап солай таяқ жесін! Мен тек қана жазасын алсын деймін!»,-деді ашуға булыққан ана.

Келіншектің күйеуі болса, өзіне тағылған бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Айтуынша, әйеліне саусағының ұшын да тигізбеген. Ал екеуінің екі жаққа кетуінің себебін – бір-бірімізбен тіл табыса алмадық деп түсіндірді.

«Ондай нәрсе болмаған. Полицияға арыз жазған. Олар менен сұрап жатқан жоқ. Егер шын мәнінде сондай нәрсе болатын болса, сіздерге жетпей полицияға бірдеңе істеу керек шығар. Ол басқа нәрсемен кетті үйден. Бір-бірімізге тура келе алмай қалдық»,-деді жәбірленушінің күйеуі.

Жансая өз сөзінде күйеуі ұрып, далада қалдырып кеткен соң полицияға арыз жазғанын айтты. Полиция департаментіндегілердің айтуынша, арыз тіркелген. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, нәтижесін күтіп отыр.

«Самал-3» шағынауданының тұрғыны 23 наурыз күні арыз жазды. Ол өз шағымында күйеуі үнемі ұрып-соғатынын көрсеткен. Оның арызы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады»,-деді Абай аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бауыржан Қоштаев.

Жәбірленуші келіншек сол оқиғадан кейін күйеуі өз ісіне өкінетіні былай тұрсын, тіпті кешірім де сұрап келмегеніне қынжылып отыр. Отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деген ол күйеуі өзіне лайықты жазасын алғанын, бұл істің ескерусіз қалмауын сұрайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024