Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бірнеше жыл бойы қызын зорлады деген күдікке ілінген сотталушы ақталып шықты

inform.kz

 Бірнеше жыл бойы қызын зорлады деген күдікке ілінген сотталушы ақталып шықты

Маңғыстауда бірнеше жыл бойы қызын зорлады деп күдікке ілінген сотталушының кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты сот ақтау үкімін шығарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ер адамға қатысты іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі және ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылды. «Күдікті 2016-2021 жылдар аралығында азғындық жасады және кәмелетке толмаған қызын бірнеше рет зорлады деп айыпталды» делінген баспасөз мәліметінде. Прокурор мен кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыны кінәлі деп тануды және оған 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сондай-ақ, олар сотталушыдан моральдық зиян ретінде 30 000 000 теңге өндіріп алуды сұрады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024