Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде қоқыстан табылған шақалақтың анасы жазықсыз...

turkistan.today

Ақтөбеде қоқыстан табылған шақалақтың анасы жазықсыз...

Ақтөбеде қоқыс полигонынан шақалақ табылып, қылмыстық іс қозғалғанымен, арада 6 ай өткенде іс жабылды. Себебі бала өлі туған, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.Оқиға 2022 жылдың 23 қазан күні Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында болды.Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Қарғалы ауданы Бадамша ауылы маңындағы «Рождество-Дөң» тасжолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан қара полиэтилен пакеттен шақалақтың денесі табылғаны анықталды.Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, яғни «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.Арада 6 ай уақыт өткенде істің қысқарғаны белгілі болды.Қылмыстық кодекстің «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бабы бойынша іс қозғалғанымен, сараптама қорытындысынан кейін баланың өлі туғаны белгілі болды. Қылмыстық құрам болмаған соң іс жабылды,- деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024