Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы саябағында мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды

inform.kz

 Алматы саябағында мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды

 Алматыда саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. «Алматы қалалық Полиция департаменті Шолохов көшесіндегі саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлайды. Сотт санкциясымен 1962 жылы туған азамат И. қамауға алынды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Қазір Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындады», - делінген хабарламада. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің (ҚР ҚПК) 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге мәлімет жария етілмеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024