Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

47 арнайы операция: ҰҚК Қазақстандағы есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы айтты

ktk.kz

47 арнайы операция: ҰҚК Қазақстандағы есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы айтты

ҰҚК мәліметінше, есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылған. Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 келі героин және 48 келі метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды.

"Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобы әрекетінің жолы кесілді. 1 келі героин, 2 келі апиын және 14 келі гашиш тәркіленді.

Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 келі апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды", - делінген хабарламада.

Биылғы бірінші тоқсанның өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылды. Заңсыз айналымнан 73 келі "мефедрон" және 223 келі "α-PVP" психотроптық заты алынды. Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралып жатқаны айтылды.

"Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісінің әрекеті тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды.

Аталмыш "дизайнерлік есірткілерді" өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда екенін айтып өту керек", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталған. Заңсыз айналымнан 483,2 келі психотроптық заттар, 11 келі героин, 32,8 келі апиын, 63,7 келі гашиш, 41,6 келі марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынғаны айтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024