Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Таразда қараусыз ғимраттан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

ktk.kz

Таразда қараусыз ғимраттан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

25 сәуір күні Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тараз қаласындағы теміржол депосының жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты.

Полицейлер 16 калибрлі «ИЖ-18» маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығын, патронсыз «ТТ» маркалы тапанша және әртүрлі калибрлі 189 бірлік патрон тауып, тәркіледі.

«Осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ қазіргі уақытта осыған байланысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», - деп атап өтті Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қыркүйек 2023