Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытындағы өрт: Күйіп қалған төрт жұмысшының жағдайы ауыр

azattyq.org

Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытындағы өрт: Күйіп қалған төрт жұмысшының жағдайы ауыр

Ақтөбе облысы Жаңажол кенішіндегі газ өңдейтін №2 зауытта болған өрт кезінде күйіп қалған төрт жұмысшының жағдайы ауыр. Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.Газ өңдейтін зауыттың жұмысшылары Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға 1 мамыр күні кешкі бестер шамасында түскен. Денесінің белден жоғары бөлігін термиялық күйік шалған жұмысшылардың жасы 32, 52, 53 және 56-да. Төртеуі де 2-ші, 3-ші дәрежелі травматикалық шок алған.Жаңажол газ өңдеу зауытындағы өрт туралы хабар 112 нөміріне 1 мамыр сағат 15:55-те түскен. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеңіл көмірсутегі қондырғысы өртенгенін хабарлады. Өрт 2 мамыр күні таңғы алты жарым шамасында толық сөндірілді.Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті 20 тонналық бес цистернаға өрт қаупі төнгенін, бірақ құтқарушылардың оған жол бермей түнімен жұмыс істегенін хабарлады. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.Қытайлық «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы мұнай өндіріп, газ өңдейтін Жаңажол кеніші Ақтөбе облысының Батпақкөл ауылдық округінің территориясында орналасқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024