Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Думан Мұхаммедкәрім 25 тәулікке қамалды. Журналист 405-бап бойынша қылмыстық істе куәгер атанды

azattyq.org

Думан Мұхаммедкәрім 25 тәулікке қамалды. Журналист 405-бап бойынша қылмыстық істе куәгер атанды

Журналист Думан Мұхаммедкәрім "бейбіт жиын тәртібін бұзды" деген айыппен 25 тәулікке қамалды. Бұл жөнінде адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.Сот шешімі 2 мамырға қараған түні Қонаев сотында оқылды.Прокурор сотта журналистің 30 сәуір күні таратқан видеосында “митингіге шақыру” туралы “жасырын үндеу” барын айтқан. Ал адвокат Ғалым Нұрпейісов видеода ешқандай митингіге шақыру жоғын айтты. Ол шешімді апелляцияға беретінін де жеткізді.“1 мамыр қазақты мазақ қылу мерекесі. Үйден шықпаңыздар, диваннан тұрмаңыздар, ал мен шығамын” атты видеода журналист Қазақстанда атап өтілетін “Қазақстан халқы бірлігі күні” мерекесін сынап, Қазақстан халқы ассамблеясы қазақ халқының мүддесіне қайшы әрекет етіп отыр деп санайтынын жеткізеді.Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен 405-бап бойынша (“тыйым салынған ұйымына ісіне араласу”) да қылмыстық іс қозғалған. Журналистің статусы – қорғалуға құқығы бар куәгер. Істі Іле аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.– 405-баптың 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 25 тәулік өткен соң Думанды қамауға алуы мүмкін. Сараптаманы тездетіп жатыр. Мақсаты – Думанның аузын жабу, – деді Ғалым Нұрпейісов.Полиция іске қатысты түсініктеме бермеді."Не дейді?" (ND) арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім шамамен екі апта бұрын 25 күндік әкімшілік қамаудан босап шыққан. Мәжіліске кандидат болған Думан Мұхаммедкәрім сайлау нәтижесіне келіспейтінін айтып, жұртты бейбіт наразылыққа шақырған еді. Ізінше "бейбіт жиын тәртібін бұзғаны үшін" 25 күнге қамалды.Адвокат Ғалым Нұрпейісов бұған дейін шешімді кассацияға бергенмен қаралмағанын айтты."Жоғарғы сот шағымды қабылдады. Сосын бір аптадан кейін "қызметтік куәлікті тіркемедің" деп маған қайтарып жіберді. Негізі біз қызметтік куәлікті кірген кезде ғана көрсетеміз. Біз электронды тізімде бармыз ғой. Кез келген адвокатты тексеру оңай. Бірақ олар осыны желеу етіп, қайтарды" дейді Ғалым Нұрпейісов.Қазақстанда құқық қорғаушылар билікті "бейбіт жиын өткізіп, пікірлерін ашық айтқысы келгендерді, билікті сынағандарды қудалады" деп жиі сынайды. Ресми Астана елде саяси қудалау барын жоққа шығарады.Елде бұған дейін жүздеген белсенді "тыйым салынған ұйымның ісіне қатысы бар" деген айыппен қылмыстық жазаға тартылған. Бұл бап бойынша сотталған белсенділердің көбі шетелде тұратын экс-банкир Мұхтар Әблязовтың "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы мен "Көше партиясына" қатысы бар деп айыпталған. Астана соты аталған екі ұйымды "экстремистік ұйым" деп танығанмен Еуропарламент оларды "бейбіт оппозициялық қозғалыстар" деп атаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024