Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстау облысы: "Жетібаймұнайгазда" бір жұмысшы қаза болды

azattyq.org

Маңғыстау облысы: Жетібаймұнайгазда бір жұмысшы қаза болды

"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясына қарасты "Жетібаймұнайгаз" өндірістік бірлестігінде дәнекерлеу жұмыстары кезінде "жарылыс" болып, бір жұмысшы қаза тапты. Бұл жөнінде "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген Lada.kz сайты жазды.Ақпаратқа қарағанда, оқиға 29 сәуірде сағат 16.42 шамасында "Жетібаймұнайгаз" ұңғымасында болған. Ұңғымада "Великая стена" компаниясының бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол кезде "жарылыс" болған."Алған жарақаттан оқиға орнында электр дәнекерлеуші, Қазақстан азаматы қаза болды, бұған қоса, ұңғыма қондырғысының маманы, Қытай азаматы басынан жараланып, ауылдық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына Маңғыстау ауданы полиция қызметкерлері келді" деп жазылған компанияның хабарламасында.Компания мұны "қайғылы оқиға" деп атады. Полиция "оқиғаның мән-жайын анықтау үшін" сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізе бастаған.Жұмысшысы қаза болған компания оқиға туралы Маңғыстау облысы еңбек басқармасы, индустрияны дамыту және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментіне хабар жібергенін айтты. Қазір Маңғыстау облысы еңбек басқармасында комиссия жасақталған."Маңғыстаумұнайгаз" оқиғаны "жеке бақылауға алғанын, кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатынын" хабарлады.Маңғыстау облысында жиі наразылық білдіретін мұнайшылар еңбек қауіпсіздігі сақталуын да талап етіп келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024