Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейдің Украинамен шектесетін Брянск облысында теміржолда тағы жарылыс болып, пойыз аударылған

azattyq.org

Ресейдің Украинамен шектесетін Брянск облысында теміржолда тағы жарылыс болып, пойыз аударылған

Ресейдің Брянск облысында теміржолда екі күн ішінде екінші рет жарылыс болған. Облыс басшысы Александр Богомаздың сөзінше, Снежетьская станциясының маңында "белгісіз жарылғыш зат жарылған, ешкім зардап шекпеген"."Ресей теміржолы" компаниясының мәліметіне қарағанда, локомотив пен 20-ға жуық вагон рельстен шығып кеткен. Пойыз жолында қозғалыс тоқтаған.Baza телеграм-арнасы аударылған вагондардан күкірт пен селитра төгіліп жатқанын хабарлаған. Оның мәліметіне қарағанда, бір мезгілде теміржолдың үш жерінде жарылыс болған.1 мамырда Брянск облысында мұнай өнімдерін әкетіп бара жатқан пойыз жарылыстан кейін жолынан тайып кеткен еді. Облыстың басшысы ол кезде де жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.Брянск облысы Украинамен шектеседі. Былтыр Ресей Украинаға жаппай басып кірген кезде де осы облыстың теміржолында бірнеше жарылыс болған. Украина теміржолдағы жарылысты соғысқа қарсы партизандардың ісі деп бағалаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024