Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жоғалған балықшының сүйегі қолтырауынның ішінен табылды

ktk.kz

Жоғалған балықшының сүйегі қолтырауынның ішінен табылды

65 жастағы Кевин Дармодиді соңғы рет сенбі күні Квинслендтің солтүстігіндегі қолтырауындар мекендейтін Кеннеди-Бендте көрген. Екі күн іздестіру жұмыстарын жүргізген полиция осы өлкедегі екі үлкен қолтырауынды ұйықтату шешімін қабылдаған. Солай олардың ішінен адам сүйектерін тапқан. Табылған денені туыстарының тану шарасы өткізілмеген. Дегенмен, полиция ер адамды табу жұмыстары «қайғылы аяқталғаны» туралы мәлімдеме жасады. Кевин Дармоди тәжірибелі балықшы және Кейп-Йорк қауымдастығының көрнекті мүшесі болған. Ұзындығы 4,1 м және 2,8 м болған екі қолтырауын дүйсенбіде Дармодиді адамдар соңғы рет көрген жерден 1,5 шақырым жерде атылды. Адам сүйегі бауырымен жорғалаушылардың біреуінің ішінен ғана табылды, бірақ жабайы табиғатты қорғау қызметкерлері оқиғаға екі жыртқыштың да қатысы барын айтуда. Сол күні К.Дармодидің қасында болған басқа балықшылардың сөзінше, олар шабуыл сәтін көрмеген, бірақ оның айқайы мен судың қатты шашыраған дауысын естіген. Қолтырауындар Австралияның тропикалық солтүстік бөлігінде жиі кездеседі, бірақ адамдарға шабуылдауы сирек болған еді. Дармодидің өлімі 1985 жылы жазбалар жүргізіле басталғаннан бері Квинслендтегі өлімге әкелген 13-ші шабуыл. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024