Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Әкесінің жауабын көрейік": Журналист 6 жасар қызын мектепте Жәнібек Әлімханұлының баласы ұрып жүргенін айтты

kaz.caravan.kz

Әкесінің жауабын көрейік: Журналист 6 жасар қызын мектепте Жәнібек Әлімханұлының баласы ұрып жүргенін айтты

Бұл туралы қыздың анасы Гүлжанат Пірімбетова айтты, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. "Бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Мұғалім, директор, ұлдың анасына да айттым. Мектеп әкімшілігі уәжімді түсініп, қадағалауға алатындарын айтты. Ал анасы керісінше. Жыл басында да қызымды теуіп жібергенін анасына айтқанымда ренжіді», - дейді Гүлжанат Пірімбетова. Сондай-ақ, ескертулерден түк шықпаған соң мектепке жасөспірімдер ісін қарайтын инспектор шақырған айтты. "Баланың да анасын шақырды. Ол күліп тұр. Кешірім сұраудың орнына ақыл айтты. Ал баланың әкесі - боксшы Жәнібек Әлімханұлы. Мен ол кісінің спорттағы жетістігін сыйлаймын. Бірақ бұл бірінші рет емес, сондықтан шыдай алмаймын. Бір жерге итеріп, құлатқаннан басы жарылса не болады? "Мені ұрып жібере ме екен" деп қызымның үнемі психологиялық қысымда жүргенін мен не үшін көтеруім керек? Менің қызым ақылы мектепте оқып қорқып жүруге міндетті емес. Менен баланың анасы бір ауыз кешірім сұраған жоқ ", - деген ол. Және қазір баланың танымал әкесінен де бір жауап күтіп отырғанын айта өтіпті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024