Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана тұрғыны бірнеше такси жүргізушісін сан соқтырған

ktk.kz

Астана тұрғыны бірнеше такси жүргізушісін сан соқтырған

Астана қаласы Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтықпен айналысқан 31 жастағы ер адамды анықтады. Indriver мобильді қосымшасын пайдаланатын такси жүргізушілері күдіктінің жәбірленушілеріне айналған Белгілі болғандай, жүргізушілер ұқсас жағдай бойынша алданған. «Клиент» мобильді қосымша арқылы мемлекеттік тіркеу нөмірін белгілі бір мекенжайға жіберу үшін такси шақырады. Әңгіме барысында ол жүргізушіге жол апатына ұшырағанын айтып, шұғыл түрде нөмірді жеткізуді өтінеді. Сонымен қатар, нөмірді алушы оны жеткізген кезде ақшаны төлейтінін айтып, 25 мың теңге сұрайды. Жүргізушілер келіседі, бірақ көрсетілген мекенжайға барғанда күтіп алушыны таппай, телефоны өшірілген «клиентке» қоңырау шалып әлекке түседі. Қазіргі уақытта барлық жәйттер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен («Алаяқтық») қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Полицейлер алаяқтың әрекетінен зардап шеккен такси жүргізушілері тағы көп болуы мүмкін екенін атап өтті. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024