Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Табиғат аясындағы жастардың демалысы кісі өлімімен...

turkistan.today

Табиғат аясындағы жастардың демалысы кісі өлімімен...

Атырауда жастардың табиғат аясындағы демалысы кісі өлімімен аяқталды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Мамырдың 7-нен 8-не қараған түнде Индер ауданы Жарсуат ауылы маңында қайғылы оқиға орын алған.azh.kz сайтының мәліметінше, Атырау облысы ауданындағы Индербор кенті мен Жарсуат ауылы жастары табиғат аясына демалуға шығады. Неден туындағаны белгісіз, далалықта жастар арасында өзара келіспеушілік туындайды. Жанжалдың соңында жақында әскерден келген Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды. Полиция осы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны ұсталды. Соттың санкциясымен екі айға уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024