Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей тергеуі Волгоградта Құран өртеген адамды "Украинаның арнаулы қызметі жіберген" деп есептейді

azattyq.org

Ресей тергеуі Волгоградта Құран өртеген адамды Украинаның арнаулы қызметі жіберген деп есептейді

Ресейдің Волгоград қаласының тергеу комитеті мешіт маңында Құран өртеген адамның үстінен "діни наным-сенімді қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеудің мәліметіне қарағанда, ұсталған күдікті бұрын Украина қауіпсіздік қызметінде "жұмыс істеген". Бұл іс Шешенстанда тергеледі, Ресей әділет министрі күдіктіні "мұсылман халықтары көп аймақтағы колонияға жіберуді ұсынған.Құран өртелген видео Волгоград қаласының орталық мешіті маңында түсірілген. 11 секундтық ролик орыс тіліндегі телеграм-арналарда таралған. 20 мамырда Ресейдің Федерациялық қауіпсіздік қызметінің күдіктіні ұстаған видеосы жарияланған. Видеоға қарағанда, Севастополь қаласында туған 19 жастағы Никита Журавель қарапайым курьер болып жұмыс істейді.Тергеу нұсқасына қарағанда, 19 мамырда Журавель "Украина қауіпсіздік қызметінің тапсырмасымен Құранды өртеген, сол үшін 10 мың рубль алатын болған. Күдікті кінәсін мойындаған, Украина қауіпсіздік қызметінің тапсырмасымен әскери нысандарды суретке, видеоға түсірген". "Тыңшылық жасады" немесе "шетел агентімен байланыс жасады" деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалғаны я қозғалмағаны туралы тергеу ақпарат бермеді" дейді "Кавказ.Реалии".Діни наным-сенімді қорлағаны үшін күдікті үш жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкиннің тапсырмасымен бұл іс Шешенстанның тергеу қызметіне берілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024