Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейдің Қазақстанмен көршілес Орынбор облысында теміржол мен әскери комиссариатты "өртемек болған" күдікті ұсталған

azattyq.org

Ресейдің Қазақстанмен көршілес Орынбор облысында теміржол мен әскери комиссариатты өртемек болған күдікті ұсталған

Ресейдің Федерациялық қауіпсіздік қызметі ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Новотроицк қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстаған. Күш құрылымдары оны "Новотроицк теміржол станциясы мен Орск қаласының әскери комиссариатын өртемек болған" деп есептейді. Бұл жөнінде "РИА Новости" Федерациялық қауіпсіздік қызметіне сілтеп хабарлаған.Күш құрылымдары өкілдерінің сөзіне қарағанда, "күдікті адам жоспарын жүзеге асырған соң, Украина қарулы күштеріне өтпек болған. Бомба жасауға керек бөлшектерді орман ішіне тығып қойған, Telegram арқылы Украинаның арнаулы қызметімен хат жазысқан".SHOT телеграм-арнасының жазуынша, күдікті адам тауар кассирі болып жұмыс істеген. Ол интернеттен "жанғыш сұйықтықты қалай жасауға болатынын өз бетінше іздеп көрген, содан соң дүкендерден керек бөлшектерді сатып алмақ болған. Канистр, тез жанатын сұйықтық және күрек пен дүрбі сатып алған. Оның бәрін орманға жасырған."Күдіктінің үстінен "теракт жасауға дайындалды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.Ресейдің түрлі өңірінде – Мәскеу түбінде, Ивановода, Свердловск облысында, Воронежде теміржолдарға диверсия жасалмақ болғанын Ресей күш құрылымдары мен аноним телеграм-арналар жиі хабарлайды. Ұсталған күдіктілердің көбі – жастар, кейбірі 20-ға да толмаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 желтоқсан 2024