Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқушылар TikTok-та тараған таяқшалардан уланған болуы...

turkistan.today

Оқушылар TikTok-та тараған таяқшалардан уланған болуы...

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылындағы мектеп оқушыларының жаппай улануына Қытай таяқшалары деп аталатын тағамы себеп болуы мүмкін. TikTok желісіндегі қытырлақ таяқшалары мектеп оқушылары арасында кеңінен танымал. Оларды танымал блогерлер жиі жарнамалайды. Мектеп оқушылары жарнамаға еліктеп, дүкен сөрелерінен сатып алады, деп Turkistan Today жазады inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап."Біз дүкеннен қытай таяқшаларын сатып алдық, оларды жедік", - дейді уланған оқушылардың бірі.Оның айтуынша, олар өткен жұмада достарымен бірге тұзды таяқтарды сатып алған. Бір қорабындағы таяқшадан 10 оқушы уланып отыр."Қытырлақ таяқшаны жеген қыздардың бәрі уланып қалды. Құдайға шүкір, қызым бір күн емделіп, ауруханадан шықты. Аздап әлсіреп, жүрегі айнып тұр. Дүкендерде неге сапасы нашар заттар сатылады, қытырлақ таяқшалардың неден жасалатыны да түсініксіз", - дейді мектеп оқушысының анасы ашуланып.Аудандық аурухана әзірге оқушылардың нақты неден уланғанына жауап бере алмай отыр."10 баланың үшеуі орташа ауырлықтағы жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Ал жетеуі амбулаторлық бақылауға жіберілді", - деді Еңбекшіқазақ ауданы орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Диана Сүлейманова.Оқушылар мектеп асханасында уланған болуы мүмкін. Бірақ директор бұл ақпаратты жоққа шығарды, өйткені оқу орнында 1600-ден астам оқушы оқиды, сонымен қатар, мұнда мұғалімдер де тамақтанады. Бірақ "TikTok таяқшасы" деп аталатын тамақты жеген 10 оқушы ғана уланған."Тергеу кезінде дүкенде шығу тегі белгісіз таяқшалар болмаған. Өнімдерді қабылдау және өткізумен қатар сапасы, қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз жүзеге асырылған. Тауар Алматы қаласынан жеткізілген", - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Темірлан Айтбаев.Дүкендегі өнім сатылымнан алынып тасталды."Біздің кемшілігіміз, тауарды сатып алдық, бірақ онда не жазылғанын, жарамдылық мерзімі қандай екенін де білмедік, себебі ол қытай тілінде жазылған. Сонымен қатар, жеткізуші сенімді болғандықтан заттар тексерілмеген", - деді сатушы Роза Жәніқұлова.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024