Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлаған ер адам ұсталды

Полиция қызметкерлепрінің мәліметінше, 21-мамырда Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні «ізін суытпай» сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды. Көрінеу жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
25 қыркүйек 2023