Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырау-Алматы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

ktk.kz

Атырау-Алматы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

«Қазақстан Теміржолы» компаниясының мәліметінше, Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқан. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады.

«Сағат 21:52 минутта сәби дүниеге келді. Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды», - деп жазды ұлттық компаниядан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024