Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

ktk.kz

Маңғыстауда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Оқыс оқиға 1 маусымда сағат 16:50 шамасында орын алған.

«Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында арнайы жабдықталмаған теңіз аумағында шомылған 2007 жылғы жасөспірім суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 19:05-те құтқарушылар келгенге дейін туыстары суға батқан жігіттің денесін алып шықты», - деді Түпқараған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков.

Ал Ақтауда тұрғындар теңізден 17 жастағы екі жасөспірімді құтқарып қалды. Олар да тыйым салынған аумақта суға түскен.

Оқыс оқиғадан кейін балалар облыстық ауруханаға жеткізілген.

«Балалардың бірі травматология бөліміне жеткізілді. Екіншісі тексеруден кейін үйге жіберілді. Жағдайы қалыпты», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024