Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар облысында көлік қаққан мүгедектігі бар кісі оқиға орнында көз жұмды

inform.kz

 Павлодар облысында көлік қаққан мүгедектігі бар кісі оқиға орнында көз жұмды

Павлодар облысының Ақсу қаласында көлік қаққан жаяу жүргінші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап. 3 маусым Ақсу қаласындағы Мәметова көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу адам ІІІ топ мүгедегі (құлағы естімейді) еді. Жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ 4 маусым күні Ақтоғай-Шолақсор автожолының 97-шақырымында Жалаұлы ауылының маңында Volkswagen Passat көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке түскен. Салдарынан автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Жол апаты фактілеріне қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024