Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып алды

almaty-akshamy.kz

Алматыда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып алды

Бұл туралы ақпарат әуелі Kozachkov Telegram каналында пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тараған ақпарат бойынша, оқ атқан - 28 жастағы сержант. Ол жәбірленушімен бірге тамақтанатын бөлмеде отырған.

Оқ ПМ қызметтік қаруынан атылған. Қызметкер алған жарақатынан сол жерде мерт болды.

Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында жанжал болмаған, олар жай сөйлесіп отырған.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 5 маусымда болған. Полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқан, жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болған.

«Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деп хабарлады ведомстводан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024