Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды

ktk.kz

Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды

Сотталушыға 2 эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.

«2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П-мен танысқан. Кейін соталушы жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Үйдің кіреберісіне кірген соң сотталушы бәкісін шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, зорлаған», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сот сотталушы К-ның материалдық жағдайын жақсарту үшін тағы бір қылмыс жасауға ұмтылғанын анықтады.

«2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К. түнгі клубқа келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін жәбірленушіге жақындап, бетінен ұрып, қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші ұялы телефоны мен ақшасын береді», - деп атап өтті ведомстводан.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы К. кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 мамыр 2024