Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда сақалды жігіт өзінен бірнеше жас үлкен кісіні ұрып өлтірді

kaz.365info.kz

Атырауда сақалды жігіт өзінен бірнеше жас үлкен кісіні ұрып өлтірді

Атырау облысындағы базарлардың бірінде «Газель» көлігін мінген Амандық Сағынғалиев есімді азамат Мұхтар Ахмедовтің «Мерседес» көлігінің есігін сырып кеткен. Сол жерде жанжал басталып, «Мерседес» иесі «Газель» жүргізушісін бірнеше рет соққының астына алған. Әлеуметтік желіде тараған видео мен ақпаратқа сенсек, «Мерседес» иесі әлі жасы 40-қа толмаған азамат, ал «Газель» иесі (марқұм) жасы 60-ке таяп қалған егде кісі. Бейнежазбада көргеніміздей, «Газель» жүргізушісі қанша соққы тисе де жауап қатпайды. Алайда ол өзінен көп жас кіші азаматтың соңғы ауыр соққысынан кейін ол есін жия алмай, артынан қайтыс болған. Ол «Мерседес» көлігінің иесін тыныштандыруға тырысқан. Тіпті, сол сәт өзінде жөндеуге кететін шығынды өтейтін қомақты ақша бар екенін айтқан. Бірақ Ахмедов сабасына түспей, оны жазалағысы келген. Оқиға орнына бірінші болып марқұмның қызы жеткен. Ол әкесін жедел жәрдем көлігіне орналастырып жатқанда, Ахмедовтың әкесін балағаттап жатқанын естіген.Күдікті дереу ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полицейлер тергеуді Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне – адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша жүргізуде. Амандық Сағынғалиевтің туыстарының айтуынша, күдікті бұрын сотты болған. Ол басқа ер адамды пышақтап кеткен. Марқұмның туыстары қылмыстық іс куәгерлерінің полицияға хабарласуын сұрайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 маусым 2024