Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар облысында бір тәулікте үш адам суға батып кетті

ktk.kz

Павлодар облысында бір тәулікте үш адам суға батып кетті

Қайғылы оқиға түнгі сағат бірдің шамасында Торайғыр көлінде болған.

«28 маусым күні сағат 00:58-де Торайғыр көлінде 2011 және 2013 жылы туған ағайынды екі жігіт суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кетті. 2013 жылы туған жасөспірімнің денесі судан шығарылды», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Төрт сағаттан кейін құтқарушылар екінші баланың денесін тапты. Қаланың орталық жағажайында суға батып кеткен жас жігітті іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

«Жас жігітті іздеуге 10 құтқарушы мен 4 су көлігі жұмылдырылды», - деп жазды өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 шілде 2024