Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Есірткі тасымалдаған екі ер адамды ұсталды

newsroom.kz

Есірткі тасымалдаған екі ер адамды ұсталды

Көлік полицейлері "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау қаласының темір жол аумағында 27 және 35 жастағы Қостанай облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Жеке тінту барысында ер адамдардан жалпы салмағы 6 грамм болатын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Ұсталғандар синтетикалық есірткіні жеке өздері пайдалану үшін Telegram мессенджері арқылы сатып алғандарын айтты. Олардың уақытша тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізу барысында ақ түсті ұнтақ заты бар 6 дана пакет, тамшуырлар және затты пайдалану аппараттары табылды.

Аталған факті бойынша Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Атырау қаласының № 2 сотының үкімімен қаскүнемдер қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024